Аймақтар • 03 Наурыз, 2019

БҚО-да ауа райы бұзылады

1028 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да ауа райы бұзылады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 4 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын соғып, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Оған қоса күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

«Қазіргі кезде тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, облыс көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар алынуда», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО ТЖ департаментінен. Сонымен қатар департамент республикалық маңызы бар Тасқала - РФ шекарасы, облыстық Ақсай - Жымпиты, Федоров - Ақсай, Тасқала - Аққурай - Болашақ жолдарының әлі жабық екендігін жеткізді.