Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

Керемет романс кеші

1079 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көрікті көктемнің ал­ғаш­қы күні елорда тұр­­ғын­дары мен қонақ­та­рын жар­қын әрі жай­дары му­зы­калық кеш күтуде. 1 нау­­­рыз­да  «Ас­­тана Опера» театры­ның Камералық залында «Романс си­қыры» кон­церті өтті. Бағ­дарлама әлемдік мәде­ниеттің біре­гей құбы­лысы – романсқа арнал­ған, сондай-ақ тың­дар­ман назарына испан сарсуэлалары мен опера көріністері ұсынылған, олар рояль, скрипка, гитара және арфаның сүйе­мелдеуімен орындалды.

Керемет романс кеші

Концертке вокалистер – Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті-Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, контртенор Батыржан Смақов, халықаралық байқаулардың лауреаты, тенор Рамзат Балакишиев және дарынды аспапшылар – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен (фортепиано), Любовь Ткаченко (арфа), Әсел Жақиянова (скрипка), Ботагөз Қалиева (виолончель), Әліби Асақаев (гитара), Жібек Сапарғалиева (флейта), Ерболат Ташкенбаев (соқпалы аспап) қатысады.

– Бұл өмірімдегі аса маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі, оны ерекше тебіреніспен күтудемін. Театрымыздағы қойылымдарда опералық рөлдерді орындаудан бөлек, маған әріптестерім – керемет әртістермен бірге баршаның сүйікті жанрларының бірі – құдіретті «романсқа» арналған осынау концертті ұйымдастырудың бірегей мүмкіндігі туып отыр. Әрбір романс – сезімдер мен жан толғанысының жекелеген оқи­ғасы, шағын моноспектакль, мұнда ішкі жан дүниемізді, ойымызды барынша ашып, музыка мен поэзия әсері арқылы көрерменмен бөлісуге болады,  – деп атап өтті Татьяна Вицинская.

Мазмұнды бағдарламаға барокко дәуірінің сирек орындалатын дуэттері, Фернандо Обрадорс пен Ма­нуэль де Фальяның атақты испан әндері мен сарсуэлалары, көне орыс романстары – «Только раз бывает в жизни встреча», «Ямщик, не гони лошадей», «А на последок я скажу», бұдан бөлек танымал туындылар – Жуль Массненің «Таис» операсына арналған медитация тақырыбына «Аве Мария», Камиль Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Жорж Бизенің «Кармен» операларынан көріністер және т.б. енген.

Талғат САДЫҚҰЛЫ