Спорт • 05 Наурыз, 2019

Жас жеңіл атлеттер Ыстамбұлға аттанды

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Түркияның Ыстамбұл қаласында бірнеше мемлекет өкілдерінің басын қосқан жеңіл атлетикадан жасөспірімідер арасында (U-18) халықаралық матчтық кездесу өтеді. 

Жас жеңіл атлеттер Ыстамбұлға аттанды

Айтулы жарыста Түркия, Беларусь, Франция, Украина және Қазақстанның спортшылары қатысады. Біздің команда сапында мына жеңіл атлеттер өнер көрсетеді: Денис Ерастов пен Арина Мишеева (60 метрге жүгіру), Айым Қайсанова (400 метрге жүгіру), Антон Леньшин мен Александра Мохирева (800 метрге жүгіру), Асылжан Сабыр мен Ситора Реджеметова (биіктікке секіру) және Евелина Коробова (ядро лақтыру). Сондай-ақ құрамында Антон Леньшин, Денис Ерастов, Арина Мишеева және Айым Қайсанова сынды желаяқтары бар біздің команда  4х200 метрлік араслас эстафеталық сайыста да бақ сынайды.   

Ал Қазақстанның жасөспірімдер командасының негізгі құрамы 15-17 наурызда Гонконгта өтетін Азия біріншілігіне даярлануда. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»