Хоккей • 05 Наурыз, 2019

Брэндон Боченскидің көрсеткіші жақсарды

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин Кубогы жолындағы бәсекелер барысында ең нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрген ойыншылар арасында Брэндон Боченски де бар.  

Брэндон Боченскидің көрсеткіші жақсарды

Астананың «Барыс» клубының капитаны плей-офф сайысындағы әр ойын сайын өз қоржынындағы ұпай санын арттыруда. Төменгі Новгородтың «Торпедосына» қарсы алғашқы кездесуде ол екі гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берсе, келесі матчтарда тек пас берумен ғана шектелді. Кеше өткен бәсекеде Боченски тағы да көзге түсті. Ол екі рет оңтайлы пас берді.  Нәтижесінде сегіз ұпайды (2 гол+6 пас) еншілеген Брэндон Боченски сұрмергендер тізімінде екінші орынға көтерілді. Бірінші орындағы Михаил Григоренконың да жиған ұпайы дәл сондай. ЦСКА-ның ойыншысы бес гол соғып, үш рет бас берді. Ал ассистентер арасында Боченски көш бастады.

Сондай-ақ, «Барыстың» ойыншылары – Кертис Волк пен Мэтт Фрэттиннің қарқыны қуантарлық. Осы күнге дейін Волк бір гол соғып, бер мәрте оңтайлы пас берді. Ал Фрэттин төрт рет мәргендік танытып, екі оңтайлы пастың авторы атанды.  

Естеріңізге сала кетейік, плей-оффтағы «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы бәсекеде таразы басын тең. Есеп – 2:2. Астанада өткен алғашқы екі ойын жерлестеріміздің жеңісімен аяқталса, Төменгі Новгородта жергілікті хоккейшілердің бағы жанды. Қос команда ертең «Барыс Аренада» бесінші ойынын өткізеді. 

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»