Медицина • 07 Наурыз, 2019

Басты міндет – халық сенімін арттыру

963 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті отырысында партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы талқыланды. Іс-шараны ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев аталған құжаттың әлеуметтік сипатқа ие екенін және қазақстандық қоғамның өтініштеріне лайықталғанын атап өтті. 

 

Басты міндет – халық сенімін арттыру

Отырыста «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ХVIII съезде Елбасының концептуалды баяндама жасап, халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты жаңа шаралар ұсынғанын айтты. Аталған шаралардың барлығы партияның бағдарламасына енгізілген. Ондағы басымдықтар Үкіметпен, жергілікті атқарушы органдармен, Парламент Мәжілісімен және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ.

– Бағдарламада партиямыздың ал­дағы он жылға арналған күн тәр­тібі көрсетілген. Мемлекет басшы­сы өзінің бес әлеуметтік бас­тама­­сында, өткен жылдың қазан ­айын­дағы Қазақстан халқына арна­­ған Жолдауында және съезде сөй­леген сөзінде халықтың әл-ауқа­тын өсіріп, тұрмыс сапасын арт­тыру­ға бағытталған еліміздің жаңа әлеу­меттік доктринасын баяндады. Сон­дықтан партияның жаңа бағдар­лама­сы Елбасының осы доктринасын жүзеге асыруға бағытталып отыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол бағдарлама негізінде нақ­ты үш қағида көрсетілгенін сөз етті.

– Бірінші қағида, бағдарлама мақ­­сат­­тарының азаматтардың әл-ау­қа­тын арт­тыруға тікелей бағыт­талуы. Осыған орай партияның ал­­да­ғы 10 жыл­­дағы күн тәртібі халық­тың мүд­десі мен әлеуметтік жағ­­да­йын жақ­­сар­туға арналған. Екін­­ші қағи­да, инклю­зив­тілікпен қам­та­ма­сыз ету. Қазір­гі таңда қоғам инкл­ю­зив де­генді көбіне мүмкіндігі шек­теулі жан­дарға қолдау деп түсі­неді. Бұл инклюзивтің мағынасын толық ашпайды. Сондықтан біз бағ­дар­ламада оны кең ауқымда қа­рас­­ты­рып, көмекке мұқтаж барлық жан­ға әлеуметтік қолдау көрсетілуін қам­та­­масыз етуді көздеп отырмыз. Сол арқылы экономикалық даму­­дың игілігін еліміздің барлық аза­маты мен өңірі бірдей көруін қам­та­ма­сыз етеміз. Үшінші қағида, бағ­дар­ламаның ЭЫДҰ стандарттарына бағытталуы. Өйткені барлық дамы­ған елдер осы ұйымның мүшесі екені белгілі. Сондықтан біз нақты мақ­саттар мен талаптарды анықтаған кезде ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын негізге алдық, – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатарда жиында бүгінде партиялық құрылым мен жүйенің түбегейлі өзгергені, олардың нақты бір әлеуметтік топқа немесе ортаға бағытталмай, қоғамдағы барлық саланы қамтып жұмыс істеуге ұмтылып жатқаны сөз болды. Сол сияқты қоғамның күрделене түскені, азаматтар табысына, әлеуметтік жағдайына байланысты емес, нақты бір мәселеге қатысты біріге бастағаны айтылды. Осыған орай М.Әшімбаев «Nur Otan»-ның жұмысын ұйымдастыруда аталған мәселелердің ескерілгенін жеткізді.

Бұдан басқа, ол партия жұмы­сы­ның келесі бағыты ретінде Елба­сы­­ның съезде айтқан төрт нақты жо­­басы туралы сөз етті. Олардың бірін­­­шісі «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бас­тама алдымен аз қамтылған және көп­ балалы отбасыларға қолдау көрсету мақ­сатында қолға алынып от­ыр. Жоба аясында партияның қоғам­дық қа­был­дау бөлмелері мен фи­лиал­дары арқылы мұқтаж жан­дарға нақты көмек көрсетіледі. Екінші «Құт­ты мекен» жобасы алдымен ауыл­­­дық жерлердің инфра­құры­лы­мын да­мытуға бағытталған. «Ауыл – ел бесігі» жобасы да ауылдарды дамы­тып, ол жақта жұмыс орындарын ашып, жайлы өмір сүруге қолайлы жағ­дай жасауды көздейді. Төртінші «Халыққа көмек» жобасы бойынша халыққа жедел әрі нақты әлеуметтік көмек көрсету қолға алынған.

– Партиямыздың тағы бір басты міндеті мемлекеттік бағдарламалар мен Елбасы тапсырмаларының орындалу барысына қоғамдық бақылау жүргізу және бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалау. Соның ішінде Елбасының съезде берген тапсырмаларына бөлінген қаражат та бар. Егер Үкімет, әкімдер, азаматтық сек­тор күш біріктіріп жұмыс істесек, Бағ­­дар­­ламаның тиімділігі арта түседі деп сенемін, – деді М.Әшімбаев.

Пікірталас алаңында сарапшылар әлеуметтік саясатты жаң­ғырту, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау және инклюзивті экономиканы қалыптастыру мәселелеріне көңіл аударды.

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар