Медицина • 07 Наурыз, 2019

Қоғамдағы маңызды мәселелерді қамтиды

1301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр Жолдаудың жариялану уақыты біздің қазіргі тари­хы­­­мыздағы маңызды күнмен тұс­­­па-тұс келді, яғни осыдан 21 жыл бұрын, 1997 жыл­ғы 10 қазанда Н.Назарбаев «Қазақ­стан-2030» Стратегиясы» бағ­дар­­­ла­­малық құжатын жария еткен еді. 

Қоғамдағы маңызды мәселелерді қамтиды

Содан бері жыл сайынғы Жолдау халықтың назарын ауда­ратын құжатқа айналды. Әлеу­меттік сауалнамалардың дерек­тері қазақстандықтардың Мем­лекет басшысының халыққа Жол­­дауынан хабардар болу дең­гейі жоғары екендігін көрсетеді. Сонымен қатар халық Жолдауға үлкен үміт артады, өйткені құ­жатта қойылған міндеттер мен тапсырмалар орындалады деп күтеді.

Президенттің әрбір Жолдауы үнемі маңызды практикалық ұстанымдарға негізделеді, солар арқылы күтілетін нәтижелерді де бағалауға болады. Президенттің бұл жолғы Жолдауы да қоғам­дағы маңызды мәселе – халық­тың әл-ауқатын арттыру сынды әлеу­меттік мәселелерге ар­нал­ды. «Халықтың тұрмыс дең­гейінің тұрақты өсуі біздің басты мақ­саты­мыз бен міндетіміз болып қал­а­ды», дей келе, Елбасы бұл жа­ңа Жолдауда өмір сүру сапасы бо­йын­ша нақты қанағаттану өл­шемі негізге алынатынына тоқталды.

Өмір сапасы дегеніміз – көп деңгейлі және көп құ­рам­ды тұжырымдама. Бұған ден­саулық жағдайын, өмір сүру ұзақтығын, экология, тамақ­тану, еңбек жағдайлары, тұр­мыс жағдайлары, мүгедектер үшін жағдайлар, әлеу­меттік орта, мәдени және рухани қа­жет­тіліктер, отба­сылық әл-ауқат және білім мен ақпа­рат­тарға қолжетімділік, бос уа­қытты өткізу секілді адам өмірі­нің көптеген жақтары кіреді. 

Мысалы, Президент Астана­да онкологиялық орталық құру туралы айтты. Адам өмірі тек қуаныштан ғана тұр­май­ды, кез келген адам онко­логиямен ауырып қалуы мүм­­кін. Бұл жағдайдың орын алға­­нын түсінген кезде, бірден шетелге емделуге бару, қажетті қар­жы табу ойға келеді. Бү­гінде онкологтар осындай ем-дом­дарды Қазақстанда жасай алатындығына сендіреді. Oн­ко­логиялық орталықтың ашы­луымен біз емдеуді жоғары дең­­гейде жүргізе аламыз. Елі­міз­де бұрындары қиял болып көрі­нетін жүрекке ашық ота жасау жүзеге асырылуда. Мұн­дай орталықтар көп­те­ген адамдардың өмірін сақ­тап қала­ды. Басқа елдердің науқас­тарын қабыл­дауға болады. Бұл да өмір сапасын арттыруға әсер етеді. 

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры