Әлем • 08 Наурыз, 2019

«The World's Best» байқауы: Димаш бірінші орында

1166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауының финал алдындағы шоуында бірінші сатыға көтерілді. Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«The World's Best» байқауы: Димаш бірінші орында

"The worlds best" жобасының финал алдындағы нәтижесі. Біз бірінші орындамыз. Барлық жеңісімді қымбатты тыңдарманым мен қазақ халқыма арнаймын",- деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші парақшасында жария етілген дерекке сәйкес, ол 96 ұпай жинап,  бірінші сатыға көтерілген. Ал Қазақстанның тағы бір өнер жұлдызы Данэлия Төлешова 83,5 ұпаймен 5-сатыда тұр.

Еске сала кетсек, осыдан біраз бұрын Димаштың «The World's Best» байқауының алғашқы турында өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын. Әнші бірінші раундта әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады.