Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

«Қарулы арулар» байқауы өтті

1129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Халықаралық әйелдер күні қарсанында Атырау гарнизоның қарулы құрылымдарының әйел әскери қызметшілері «Қарулы ару» конкурсында сайысқа түсті.

«Қарулы арулар» байқауы өтті

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің базасында Атырау гарнизоныны 4 әскери бөлімінің арасында «Қарулы арулар» конкурсы өткізілді. Іс-шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, әскери қызметтегі нәзік жанды арулардың беделі мен дәрежесін арттуруға бағытталды.

Конкурс барысында арулар бейнеролик арқылы өздерінің таныстыруын көрсетіп, саптық алаңда АК-74 қаруын жинап-шашып, өздерінің шымырлығын дене жаттығу нормативтарын тапсырып дәлелдеді. Сонымен қоса, нәзік жанды Отан қорғаушылар жиденің жағасын тігіп, противогаз киіп, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Біреулер вальс билеп, ән салып жатса, екіншілері монолог оқып, өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетті.

Жарыстың қортындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскер қызметшісі сержант Айымгүл Бисенова жеңіске жетіп, «Қарулы ару» атағына ие болды. Ол Қарулы Күштердің қатарында 6 жылдан астап уақыт қызмет етіп келеді, бүгінгі күні офицерге тұрмысқа шығып, әскери жанұя бір ер баланы тәрбиелеп келеді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы