Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Еркін Кәсенов: Елімнің әлеуеті мақтаныш сезімін тудырды

1177 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда ғана «Нұр Отан» партиясы­ның кезекті съезінде бәрімізді қуантып, халыққа орасан зор материалдық қолдау жасау жөніндегі шешімін жариялаған еді. 

Еркін Кәсенов: Елімнің әлеуеті мақтаныш сезімін тудырды

Бюджеттен еңбекақы алатын­дардың табысы артатын болғаны бізге де қатысты. Мемлекеттік театр­да істейтін біздің өнер­паз­дары­мыз да өздерінің еңбекақы­ларының артатынына, бұл мақ­сат­қа бюджеттен 980 млрд теңге бөлінетініне қуанды. 

Дегенмен, бізден гөрі көп­ ба­лалы аналарға берілетін көмек­тердің көбейетіні бүкіл елді елең еткізгенін көзіміз көрді. Қазір мемлекеттен 570 мыңнан ар­тық адам осындай көмек ала­ды екен. Бұл 18 миллион ғана халқы бар ел үшін үлкен көрсет­кіш. Кейбір көп балалы ана­лар­дың мұқтаждыққа тап бол­ған халдерін де көріп жүрдік. Енді соларға берілетін атаулы әлеу­меттік көмек 21 мың тең­геге артатыны барша халқы­мызды қуантты. Өйткені алтын құрсақты аналарға қандай көмек жасасақ да артық емес қой.

Президент бұл көмектердің бәрі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап жасалады деп жария­ла­ған еді. Енді Ақордада өткізген кеңес­те Елбасы көмекке аса мұқ­таж көп балалы отбасылардың 1 шілдеден емес, биылғы 1 сәуірден кешікпей әлеуметтік кө­мек алатынын айтты. Біз бұл хабар­ға да қатты қуанып қалдық. Осы­ның өзі ерекше оқиға болып тұр. Осыдан-ақ Қазақстанның әле­уеті зор, діңгегі мықты мемле­кет екенін көреміз. Егер әл-қуаты төмен ел болсақ осындай ора­сан зор көлемдегі көмекті қыс­қа мер­зімде жасай алмаған бол­ар едік. Шынымды айтсам, осы хабарды естігенде кеудемде мақ­та­ныш сезімі туды. Әрқашан да осындай биіктерге жете берсек дегім келеді. Сонымен бірге Президент көмекке аса мұқ­таж жандарға мемлекет әрдайым қолдау көрсететінін қадап айтты. Бұл да әрбір азаматын қолдай­тын қамқор еліміздің бар екенін ұқтырады. 

«Нұр Отанның» съезінде ай­тыл­ған тағы бір аса маңызды мәсе­ле – аймақтарды өркендету тура­лы еді. Осы бағытта Үкіметке «Құт­ты мекен» және «Ауыл – ел бесі­гі» атты жобаларды қолға алу тап­сырылған болса, кешегі кеңес­­те Елбасы осы жобаларды тезі­­рек жүзеге асыруды талап етті. Со­ның ішінде ауыл мен аудандағы жолдардың жөнделуі – ха­лық­­тың көкейінде жүрген іс еді. Енді бұл мәсе­лелердің де оң ше­ші­мін табуы барлық ауылдықтарды және олардың қалада тұратын бала­­ларын, туыстарын қуантары сөзсіз. 

Еркін КӘСЕНОВ,

Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері