Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Сенат депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева азаматтарды қабылдады

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева азаматтарды қабылдады

Жергілікті жерлердегі қабылдауға денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрлерінің орынбасарлары, білім, ішкі істер және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ өңірлердің тиісті басқармаларының басшылары қатысты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдауына байланысты 23 адам балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша арызданған болатын. Түскен өтініштердің бәрі қаралып, олардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсетілді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш білдірген азаматтар бірқатар мәселелерді заңнамаға енгізуді ұсынды: Брейсы арнайы ортопедиялық аяқ киіммен тегін қамтамасыз ету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жоғары оқу орындарында, колледждерде оқу кезеңінде күтіп-бағу бойынша жәрдемақы алу жасын 23-ке дейін ұзарту, сондай-ақ  «аутизм» диагнозы бар балаларды қолдау және тағы басқа да мәселелер болды. 

Сонымен қатар, облыстық әкімдіктерге әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтардың түрлі жеңілдіктер мен көтермелеулер жөніндегі  құқықтарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды.