Спорт • 17 Наурыз, 2019

Алексей Луценко "Тиррено-Адриатико" көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды

863 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко "Тиррено-Адриатико" додасының төртінші кезеңінде топ жарды деп хабарлайды Olympic.kz.

Алексей Луценко "Тиррено-Адриатико" көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды

Спортшылар төртінші кезеңде Фолиньодан Фоссмобронеге дейінгі 221 шақырымды жүріп өтуі тиіс еді. Луценко бұл қашықтықты 5 сағат 16 минутта бағындырды.

 Мәреге соңғы 20 шақырым қалғанда біздің спортшы екі рет құлап қалғанына қарамастан, жеңімпаз атанды.