Аймақтар • 18 Наурыз, 2019

Семейде татар халқы өздерінің музыка мұрасын насихаттады

999 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі Достық үйінде Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилованың жетекшілігімен «Татар моңнары гармунда» атты кездесу өтті. Кездесуді осы орталық аясынан құрылған  «Самавыр янында» клубы  ұйымдастырды.

Семейде татар халқы өздерінің музыка мұрасын насихаттады

- Әр халықтың ұлттық музыкасында өз ерекшелігі болады,-деді Каммилия Исмаилова,-татарлар ән салғанда баян мен гармоньда сүйемелдегенді ұнатады. Бұл қазақ үшін домбыра қандай қастерлі болса, біздің татар үшін гармонь сондай бағалы. Концертке қатысу үшін Семей қаласының атақты баянда ойнаушылар Дамир Габитов, Талгат Мусин, Хакимжан Мусульманов, Галимулла Садыкбаевтар аранйы шақырылды.

Татар әндері-халық айнасы,жан-дүниесі.  Гульфия Бопанова, Галия  Абдулкаримова,  Мансур Хасановтар вокальда орындауда шеберліктерін көрсетті. №6 мектеп-гимназия оқушылары да, №1 музыка мектебінен және Татар өнер мектебіінен қатысушылар көп болды. Жиын соңында татар тілінде «Туган тел» әні шырқалып, қатысушыларға Шығыс Қазақстандық Татар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилова марапат қағаздар табыс етті.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                         

«Егемен ҚАЗАҚСТАН»

СЕМЕЙ