Медицина • 20 Наурыз, 2019

Бәріміздің бойымызда қимастық сезім бар

1231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің тумасы, зейнеткер, Күршім және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы Сайлаухан Аухадиев Елбасының қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді. 

 

Бәріміздің бойымызда қимастық сезім бар

Расында, бұл жұрт күтпеген тосын шешім болды. «Бұл қалай болды? Жүрегіміз ауырып кетті. Шынымен енді Президент болмай ма?» деп маған ақсақалдар алаңдаушылығын білдіріп, хабарласып жатыр. Шынымен де, бәріміздің бойымызда қимас­­тық сезім бар. Ол кісінің елімізге сіңірген еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Небәрі 30 жылдың ар жақ, бер жағында Қазақстанды төрткүл дүниеге танытты. Елбасының елімізге, жерімізге сіңірген еңбе­гін, мем­лекет­ті аяғынан қаз тұр­ғызуға қосқан үлесін ешбір тұлға­мен салыстыруға келмейді.

Бүгінде Назарбаев пен Қазақ­стан егіз ұғымға айналғанын еш­кім жоққа шығара қоймас. Өзім 80 жылдық саналы ғұмырым­­ның көпшілігін ел ішінде, об­лыс­тың Зайсан, Тарбағатай, Күршім секілді аудандарында өткіз­дім. Ауыл шаруашылығы сала­сында еңбек еттім. Бұл саланың жай-күйін жақсы білемін. Нұрсұлтан Әбішұлының ауыл шаруашылығы саласына жаса­ған қамқорлығын таңды таң­ға ұрып айтуға болады. Тәуелсіз­дік жылдарында мем­лекет еңбек етемін, кәсіп аша­мын деген азаматтардың ешқай­сы­сының қолын қаққан жоқ. Қара­па­йым шаруаларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жаса­­лып отыр. Субсидия десеңіз субсидия, жеңілдетілген несие десеңіз несие беріліп жатыр. Бұдан артық қандай қамқор­лық қажет?! Сондықтан тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы Тұңғыш Президентіміздің бұл шешімі бізді толқытқаны, тебіренткені рас.