21 Наурыз, 2019

Сауытбек Абдрахманов: Елдіктің салтанаты

1161 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сауытбек Абдрахманов: Елдіктің салтанаты

Кеше Қазақ елі тағы бір биікке көтерілді. Елдіктің есеюінің кезек­ті салтанатына куә болдық. Ел­басы туралы сөз Елбасының өзі­­нен бұрын елдің өзіне көбірек ке­рек еді. Сол сөз айтылды. Көп­­­тің көңілі орнына түсті. Алға ұм­­ты­­латынымыз ұтымды түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы­ның Пре­­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­­­т­ың Парламент палата­лары­­­ның бірік­кен отырысындағы сөзін­­де айтылған бағалардан ке­йін Ел­басы еңбегіне байланыс­ты пікір қосу қиындап та қалды. Деген­мен, жақсының жақ­сылы­ғын а­йтып, нұрын тасыту – парасат парызы.

Қирандыдан, құландыдан мемлекет құру, қоғамды бір формациядан екінші формацияға ауыстыру, қилы кезеңдегі қиын­шылықтардан есеңгірей жаздаған халықты тар жол, тайғақ кешуден аман-есен алып өту, елді аяғынан тік тұр­ғызу, бірнеше әлемдік қаржы дағдарысынан бұрынғыдан да шират­ып, шынықтырып шығару, Батыс та, Шы­ғыс та мойындайтын, санасатын, құрметтейтін елге айнал­дыру, сан түрлі себептермен бірнеше ғасыр бойында дүние­жүзілік өркениеттен шеттетіліп қал­ған елді жер жаһанға таныту, тіпті ЕҚЫҰ тарихында ал­ғаш рет азиялық мемлекетті, ал­­ғаш рет ТМД мемлекетін, ал­ғаш рет халқы­ның негізгі бө­лігі мұсылман дінін ұста­натын түркі­тіл­дес ұлт ұйы­сып отыр­ған мем­лекетті Еуро­паға төбе би болатын­дай биік­­ке көтеру, 56 елдің басын біріктіретін беделді ұйымға тама­ша төрағалық жасау және сол ұйы­м­­ның он бір жылдан бері ша­қы­­рыл­­май жүрген саммитін ұйым­дас­­тыру, Астана декларация­сын қа­был­дануына қол жеткізу, ЭКСПО сынды әлем­дік көрмені ұйымдастыру құ­қын азуы алты қарыс ел­дер­мен жанталасты бәсе­кеде жұ­лып алып шығу, дүйім дүние көз тік­кен сол сынақтан абырой­мен өту, дүниені дендеп тұрған дағдарыстар дауы­лында, өз елін нағыз тұрақтылық аралына айналдыру, осынша жыл бойы халқының таңын тыныш аты­­рып, кешін тыныш батыру, оған қоса әлем­нің қиыр-қиырындағы дау-да­майды реттеуге араласу, мем­­лекетаралық мәмілегер биі­гі­­не көтеру, еліміздің әлемнің ең бедел­­­ді ұйымының ең қуатты құ­­­ры­­­­лымына – БҰҰ-ның Қауіп­сіз­­­­­дік Кеңесіне тұрақты емес мү­ше­­­лікке Орталық Азия өңірі­нен бірін­ші болып сайлануына, өзінің бей­біт­шіл, жаңа­шыл ұсы­ныс­­тары БҰҰ ая­сында қабыл­дануы­­на қол жет­кізу, басқа да қыруар шаруаны шып-шырғасын шығармай шешу, ең бас­тысы – елдің экономикалық қуа­­тын сан еселеп арттыру, ең ең­селі елулік­ке ену міндетін мер­зімі­нен бұ­рын атқарған соң ең озық отыз­­­­дық­қа ұмтылу, сол жолда нақ­­­ты қадам­дар жасау, халықтың ру­хын жаңғырту, адамдардың жа­­­н­ын жаңалау тек ұлттың ұлы пер­­­зенті­­­нің ғана қолынан келеді. Мұны ашып айту біздің ақиқат ал­дын­­­д­ағы парызымыз. Осы­ның бәрін сығымдап жеткізгені үшін ел Пре­зи­­дентіне бөлекше разы­лығы­мызды айтқымыз келеді.

Осыдан тоғыз жыл бұрын біз ел газеті Egemen Qazaqstan-ның материалдарынан құрастырған «Елбасы» атты қомақты кітап­­қа жазған алғысөзімізде «Ел­басы» сөзін «Президент» сөзі­нің қазақы баламасындай ғана қарау ұғым­ның мағынасын тарыл­­татынын айта келіп: «Ел бас­шы­­сы­ның бәрін Елбасы деуге бол­май­­ды. Ел­басы – елдің басы. Ел­­дік­тің басы. Елдің, елдіктің ба­сын­да, бастауында тұрған адам. Ел болуды бас­тап берген, елді орнатып берген адам. Ел­басы – мемлекетқұрушы» деп жаз­ған едік. Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы ұғымына бай­­ланысты да биік байламын білдірді. Мұның өзі саясаттағы сабақ­тас­тықтың сақ­талатынын ғана емес, елдің келер күнге үкіле­г­ен үмітінің ақталатынын да көрсетеді. 

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

Мәжіліс депутаты