21 Наурыз, 2019

Бекболат Тілеухан: Тарихи сәт

1059 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бекболат Тілеухан: Тарихи сәт

Бұл күннің болары анық еді. Алайда, мұндай жеделдік­ті күтпеп­пін. Жарық күн­де­гі найза­ғай­дай тосын жайт. Құлағыма сен­бе­дім. Рас екен. Құлазып қал­дым. Өзі айтпақшы, өмір заңы! 

Зу етіп көз алдымнан ширек ғасырдан астам уақыттың тізбегі өте шықты. Қазақтың қатарға қосы­лып, байрақ көтерген бақыт­ты шағы. Қандасын қара­шаңы­раққа қайтарған, Астанасын анық­тап, шекарасын шегендеп, аузы аққа тиген бақытты шағы! 

Төрткүл дүниенің төрт бұры­шына барса да, «мен қазақпын» деген сөзді қаймықпай, қомсын­бай айтатын дәрежеге жеткен бақытты шағы!
Жауын күйіндіріп, досын сүйіндірген мұнарадай мұнарт­қан шағы! 

Сол мұнараны қолымен қала­ған қалаулы жан қараша хал­қына өкілеттігін өткізетінін айтты. Жүрегім шым етті. Толқып кеттім. О кісіден де толқу күттім. Селт етпеді! Алаштың алтын дәуірінің тұтқасы міз бақпады. Бейне Астанадан Алматыға ұшқан жолаушыдай алаңсыз. Неткен темір жүйке?! Неткен мәрттік?!

Алаштың азанын жаңғыртып, қазанын майлаған асыл тұлға алаңсыз сөйлеп отыр. Сол маңғаз, сол текті қалпы! Сұңғылаға да, сұрқияға да сыр алдырмастан, тағын тапсырды. Тарихтың өзі таңғалғандай.

Үйрене жүріп үйреткен, үй­рете жүріп үйренген, албырт­ты ауыздықтап, салғыртты қам­шылап, ақсақалдың ақылына, жас­тың жалынына, елдің сабырына сүйене жүріп, қазағын шың­ға бастаған бейбіт те берекелі отыз жыл отыз күндей болмай өте шығыпты. Ат төбеліндей өз елі түгілі, алпауыт өзге елдің көсем­­­дері кеңесіне жүгініп, ара аға­­йын­­дыққа салса, ақылының асқан­дығы да! Жұрты қимаса, қадірі­нің асқандығы да!

Алаштың алғысы айрықша өзіңе, асыл тұлға Нұр-ағам!