Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Шекарашылар 60 бас жылқы айдап келе жатқан барымташыларды ұстады

1632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» шекара заставасының аумағында кеше шекарашылар түн қараңғылығымен Қырғыз Республикасының аумағынан 60 бас жылқыны айдап біздің елге өтіп келе жатқан 29 және 30 жастағы екі қазақстандықты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Шекарашылар 60 бас жылқы айдап келе жатқан барымташыларды ұстады

«Шекарашылар осындай үлкен «олжадан» кейін қайта шыға қоймас деп ойлаған болуы керек, таң ата қырғыз жақтан 2 атты жетектеп келе жатқан 1984 жылғы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды» делінген хабарламада.