Қазақстан • 22 Наурыз, 2019

«Көкшетау минерал сулары» АҚ жұмысшылары үндеу жолдады

927 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көкшетау минерал сулары» АҚ жұмысшылары үндеу жолдады. Бұл туралы Kazakhstan Today басылымы хабарлады.

«Көкшетау минерал сулары» АҚ жұмысшылары үндеу жолдады

«Көкшетау минерал сулары» АҚ облысымыздағы ірі өндіріс ошақтарының қатарына кіреді әрі сапалы алкогольды және алкогольсыз өнімдерді өндіру көлемі жағынан Қазақстан нарығының лидерлерінің бірі. Әрі 1991 жылы салынған кәсіпорын Тәуелсіздіктің құрдасы.

Өткен онжылдықта Тұңғыш Президенттің басшылығында еліміз аса өткір әлеуметтік мәселелерді сәтті шешіп, экономиканың құлдырауын тоқтатты, барлық бағыттарда серпінді дамып келеді. Осы жетістіктер Қазақстанның посткеңестік кеңістіктің даусыз лидері болып, еліміз тұрғындарының әл-ауқатын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде дамыған кәсіпкерлік секторы мен жайлы іскерлік режимі бар бәсекеге төзімді экономика моделі қалыптасты. Тұңғыш Президенттің арқасында бірге тәуелсіздік жылдары кәсіпорын ТМД сусын индустриясының лидеріне айналды. Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек етуге және өмір сүруге жайлы тамаша мемлекет құрғанын мақтан етеміз.

Бүгінгі таңда «Көкшетау минерал сулары» АҚ - жалпы көпшілік мойындаған бренд. Осының бәріне заңды түрде Ұлт лидері атанған мемлекет қайраткерінің даналығы мен тәжірибесінің арқасында қол жетті. Жүрегімізде Н.Ә. Назарбаев Тұңғыш Президент - Ұлт лидері, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы болып қала береді. Бүгінгі таңдағы басты міндет тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін сақтап, молайту, жаңғыртудың даңғыл жолына түсу, еліміздің құбылмалы әлемдегі лайықты орнын жылдам табу болып отыр», - делінген үндеуде.