22 Наурыз, 2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу жұрты Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Аймақтың барлық аудан орталықтары мен ауылдарында жалпыхалықтық мереке ұйымдастарылып, Наруыз нақыштарына сай шаралар өтті.

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

Облыс орталығындағы Наурыз мерекесі бүгін бұлақ көзін ашудан басталып, ағаш отырғызу мен сәбилердің тұсау кесеріне жалғасты. Бәрнен қуаныштысы, бүгін Талдықорғанда 56 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспана иелері қоныс тойын тойлады.

Қаладағы негізгі мерекелік шара «Жастар» саябағында ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындар мен қала қонақтарына  5 мың литр Наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ тегін ұсынылды.

- Әз Наурыз – еңсесі биік елдіктің, іргесі бекем бірліктің, сарқылмас ырыстың бастауы. Ұлыстың ұлы күнін халқымыз жыл сайын шат көңіл, кең пейілмен қарсы алады. Бұл мереке көп этносты Қазақстан халқын достық пен татулыққа шақырып, игі істерге жұмылдырып келеді. Жыл басы саналатын осы мерейлі күнінде өткен жыл еліміз үшін табысты кезең болғанын ризашылықпен айтамыз. Жыл басы Наурыз Отанымызға жаңа табыстар әкелсін. Қазақстанның абыройы артып, айбыны асқақ болсын! Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа бақыт пен шаттық орнап, құт дарысын! Баршаңызға көктемдей көңіл күй, молшылық, береке-бірлік тілеймін! Ұлыс оң болсын, мереке құтты болсын! – деді мерекелік құттықтауында облыс әкімі Амандық Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы