Бокс • 22 Наурыз, 2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

889 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Бейбіт Шүменовтің уақытша әлем чемпионы, франциялық Арсен Гуламирянмен күш сынасатыны белгілі.

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

Промоутерлік саудада жеңіске жеткен Шүменовтің промоутері Дон Кинг осы жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге құлшынып отыр. Егер біздің мемлекет тарапынан қолдау болса, бұл бәсеке мамыр айында өтеді деп жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегін қандасымыз былтырғы жылдың 7 шілдесінде Астанада өткізіп, Германияда тұрып жатқан түрік боксшысы Хизни Алтынқайды нокаутқа жіберген.

1987 жылы Арменияда туып-өскен Арсен Гуламирян кейіннен Францияның азаматтығын алды. 2011 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүрге ол сол аралықта 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 16 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы айқасын былтырғы жылдың 20 қазанда австралиялық Марк Флэнагенді тоғызыншы раундта есінен тандырды.

35 жастағы Шымкент қаласының тумасы Бейбіт Шүменов 2007 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жұдырықтасып жүр. Сол аралықта 20 кездесу өткізіп, 18 рет жеңіс тойын тойлады. 12 қарсыласын есінен тандырды.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»