Спорт • 23 Наурыз, 2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті. Ю.Путинцева 6:3, 7:5 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды. Бұдан бұрын теннисшілер екі мәрте кездескен болатын. Соның біреуінде қазақстандық теннисші басым түссе, биылғы Аустралия ашық чемпионатында швейцариялық спортшы ұтқан еді. Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен кортқа шығады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцева екінші айналымға шыққан болатын.