«Өнер Барысы» турнирі бейсенбі күні елордада өтті. Чемпион белдігіне эстрада, кино, КВН, айтыс жұлдыздары, сондай-ақ блогерлер күш сынасты. Оның ішінде Аян Өтепберген, ағайынды Төлеповтар, Нұрболат Абдуллин, Серік Ибрагимов, Абай Аязбаев т.б бар. Асылхан Төлепов (жеңіл салмақ дәрежесінде) және Сырымбет Байбосынов (ауыр салмақ дәрежесінде) «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Естеріңізге салайық, сайыс қала әкімдігінің қолдауымен өтті.
Шоу-бизнес саласындағы кәсіби емес балуандар сайысы Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ақтөбеде балаларды емдеуге жиналған 30 млн теңгені заңсыз иемденген күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 00:49
Алматыда лай көшкіні жолды жауып қалды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Сенаторлардың су басқан өңірлерге сапары жалғасты
Қоғам • Кеше