Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

А.Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барған сапар барысында А.Мамин өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалуымен танысады.

А.Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі — «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.