Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Президент елорданы Нұр-Сұлтан деп атау туралы Жарлыққа қол қойды

3023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент елорданы Нұр-Сұлтан деп атау туралы Жарлыққа қол қойды

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Ақорда,  2019  жылғы 23 наурыз

№  6