25 Наурыз, 2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

1165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты.

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

Бүгін сағат 07-10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-тың «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы туралы хабарлама түсен. Өрт аумағы 900 шаршы метрді құрайды.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС және «Қаражамбас» ЖШС үкіметтік емес өрт сөндіру қызметтерінің 14 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған», деді Нұрсұлтан Нұрахмет.

Айта кетейік, «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алған еді.