Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Ел тарихына алтын әріппен жазылатын есім

1138 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары Мәу­лен Әшімбаевтың төраға­лы­ғымен Қазақстан Респуб­ли­касының астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп қай­та атауға қолдау білді­ру мақсатында Демокра­тиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өткізілді. Онда 6,5 миллион қазақстандықтың мүддесін білдіретін коали­ция мүшелері ел тарихын­дағы ең маңызды әрі аса жауапты бұл шешімнің мәніне тоқталып, оның әрі қарай дамуымызға тигізер әсері жайында сөз қозғады.

Ел тарихына алтын әріппен жазылатын есім

Отырысты ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары қазіргі таң­да Қа­зақстан халқының тари­хи кезеңді бас­тан кешіріп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол Елбасының өзі­нің президенттік өкілеттігін тоқ­­тату туралы шешімі бір сәт­те қа­былданбағанын, ол үшін Тұң­­ғыш Президентіміз ұзақ ой­ланып, барлық мәселені сара­лап, салмақтағанына назар аударды.

– Елбасы қашанда ел мен ха­лықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс ше­шімдер қабылдайды. Қазақ­стан халқы үшін Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің есімі әрдайым мем­лекеттілік, егемендік және тәуелсіздік сияқты аса ма­ңызды құндылықтармен бір қа­тарда тұрады. Қазірдің өзінде Ел­басының есімі тәуелсіз мемле­ке­ті­міздің негізін қалаушы, бар­лық реформалардың авторы, әлем­дік деңгейдегі саясаткер ретін­де тарихымызға алтын әріптер­мен жазылатыны сөзсіз, – деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасының Қазақ­станды Кеңес Одағының артта қалған республикаларының бірі­нен заманауи, дамыған, бүкіл әлем білетін алдыңғы қатарлы мем­лекетке айналдырғанын айт­ты. Оның сөзінше, Елба­сы­мыз­дың экономикалық және сая­си ре­формалары мен ауқымды жаң­­ғыру бағдарламасы еліміздің жан-жақты дамуын қамтамасыз етті.

– Халықтың әл-ауқатының еселеп өсуі де Нұрсұлтан Әбіш­ұлының ерен еңбегінің басты жетістіктерінің бірі. Тұңғыш Президентіміз үнемі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жастар мен көп балалы отбасыларды қолдауға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға көңіл бөліп, бас­ты назарда ұстап келді, – деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда бүкіл әлем елімізді бітімгершілік бастамалары арқылы да өте жақсы танитынын және астанамыздың ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылап, оң шешім шығаратын ха­лықаралық орталыққа айнал­ғанына назар аударды.

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан тарихында тәуелсіз мемлекеттің негізін қа­лаған, қазақтың мемлекеттілігін қайта жандандырған ұлы тұлға ре­тінде мәңгі қалады. Сол себеп­ті, қазіргідей тарихи кезеңде қазақ­стандық қоғам бірлікті ту етіп, Елбасының стратегиялық сая­сатының аясында әрі қарай бірі­гуі тиіс және қоғамымыз Тұң­ғыш Президентіміз анықтап бер­ген жолмен жүріп, өзінің бір­тұтастығын көрсетуі қажет, – деді М.Әшімбаев.

Одан бөлек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасының ерік-жігері мен табандылығының арқасында тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан Қазақ­станның барлық жеңістері мен жетіс­тіктері Тұңғыш Президентіміз­дің есімімен тығыз байла­ныс­­ты екенін тілге тиек етті. Сон­дық­тан Мәулен Әшімбаев Нұ­р­сұл­тан Назарбаевтың ал­дағы уақыт­та да Елбасы, Қауіп­сіз­дік Кеңесінің Төрағасы, «Nur Otan» партиясының Төр­аға­сы, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Төрағасы, Консти­туция­лық Кеңестің мүшесі ретінде ел­дің стратегиялық дамуына ай­рықша ықпал ететін ұлы тұлға болып қалатынын, оның өз өкі­леттігін тоқтату туралы шешімі де заңға сәйкес екенін айтты.

– Бұл игі іс ішкі тұрақтылық­ты нығайтып, Қазақстанның халықаралық абырой-беделін арттыра түседі. Елбасының бұл тарихи шешімі болашақ саясаткерлерге үлкен үлгі-өнеге екені сөзсіз. Осылайша Қазақ елі заманауи, құқықтық және демо­кратиялық мемлекет құру жолында аса маңызды қадам жасады, – деген М.Әшімбаев осындай сәтте барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, бірлік пен тұрақтылықтың жарқын үлгісін көрсету керектігін айтты.

Сондай-ақ астанамызға Ел­басы есімін беру еліміздің даму жолында Тұңғыш Прези­дент саясатының одан әрі жалға­сатынын көрсететін маңызды шара екенін айтқан М.Әшімбаев осылайша қазақстандықтар Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ­станның негізін қалаудағы және оның астанасын салудағы ерен еңбегіне құрмет көрсетіп отыр­ғанын жеткізді.

«Nur Otan» пар­тиясы Төраға­сының бірінші орынбасары ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи шешімді барлық негізгі саяси партиялар мен қоғам­дық күштер қолдап отырғанын, оған демократия­лық күштердің жалпыұлттық коа­лициясының бүгінгі отырысы дәлел екенін тілге тиек етті.

Отырысқа елдегі жетек­ші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының, кәсіби және қоғамдық бірл­естіктердің өкілдері қатыс­ты. Жиын барысында коалиция мүшелері елордамызға Елба­сы есімін беру туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстан коммунистік халық партиясының хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков, «Ауыл» халықтық-демократиялық пат­риоттық партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев, «Бірлік» сая­си партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Халық Қаһар­маны, «Қарулы күштердің ар­да­герлері» республикалық қоғам­дық бірлестігі үйлестіру ке­ңесінің төрағасы Мұхтар Ал­тынбаев, Елбасының бес әлеу­меттік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөнін­дегі қоғамдық кеңестің төраға­сы, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұма­ғұлов, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орын­басары Қазыбек Иса, «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер пала­тасы­ның басқарма төрағасы Абы­лай Мырзахметов, Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Кәсіп­одақ­тар федера­циясының төр­аға­сы Бақытжан Әбдірайым және «Qazaqstan ardagerleri» қауым­дастығының төрағасы, Пар­ламент Мәжілі­сінің депутаты Бақыт­бек Сма­ғұл сөз алып, Елбасы есімінің елордамызға берілуі ел дамуының жаңа кезе­ңін анықтайтын аса маңызды қадам екенін айтты.

Іс-шара соңында барша қазақ­стандықты Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті айқын­даған елдің стратегиялық басым­дық­тары­на сөзбен де, іспен де то­лық қолдау көрсетуге және Ел­басының тәуелсіздікті күшей­туге, елді жүйелі жаң­ғыр­туға, сон­дай-ақ әрбір қазақ­стан­дық­тың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға, астанамыздың атауын өзгерту туралы тарихи шешімге үн қосуға шақырған Үндеу қабылданды. 

Серік ӘБДІБЕК,

«Egemen Qazaqstan»