Аймақтар • 26 Наурыз, 2019

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана LRT» елордада үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

«26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Осы орайда ол апаттың мән-жайы қазіргі кезде нақтыланып жатқанын атап өтті.   «Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен адамдар бар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 53-ші бағдар мен бірнеше жеңіл көлік қақтығысты. Оқиға бойынша қосымша мәліметті хабарлайтын боламыз»,  - деді ол.

Айта кету керек, елорда полициясы көз жұмған адамдар туралы ақпаратты растады.

«Үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 303-ші бағдардың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.