Руханият • 25 Тамыз, 2020

Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған эстафета басталды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ruh.kz порталы қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтың 95 жылдығына арналған күйлерін орындау эстафетасын бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.

Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған эстафета басталды

"Эстафетаны Халыкаралық конкурстардың лауреаты Сайырхан Ертіс, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев, "Дарын" жастар сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев, Бағылан Абдрайымов, Ердос Қанаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Жәнібек Қазбекұлына жолдайды. Эстафета барысы Ruh.kz порталында, оның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында хабарланып отырады", - делінген хабарламада.

Назарларыңызға Сайырхан Ертістің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің "Жекпе-жек" күйін ұсынамыз.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.