Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Атырауда әскери бөлімдер 600-ге жуық жас сарбазбен толықты

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери бөлімдерде  жаңадан келген жас сарбаздармен алғашқы әскери дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда әскери бөлімдер 600-ге жуық жас сарбазбен толықты

Әскери бөлімдерге әр аймақтан 600-ге жуық бозбала әскер қатарына шақырылды. Жас сарбаздарға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан алдын-ала оқу жиынының әкімшілігі тағайындалды. Әкімшілік құрамы оларға әскери қызметке  бейімделуге көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретуде.

"Жастардың алғашқы әскери дайындығын жетілдіру 24 күнге созылатын бірнеше кезеңнен тұрады. Оқу-жаттығудың осы кезеңінде сарбаздар әскери қызметтің мақсатын меңгеруі, бөлімнің күн тәртібін, регламенті мен әскери қызметшілердің, кезекшілік қызметтің міндеттерін жаттайды. Сонымен қоса, жеке қару-жарақ пен әскери техниканың жалпы құрылымын, жауынгерлік мүмкіндіктерін, дене шынықтыру жаттығуларын орындауды меңгеруі керек" дейді жас сарбаздар жиынының бастығы, майор Ринат Шарипов.

Атырау гарнизонының әскери бөліміне болашақ барлаушылар шақырылған. Іріктеу кезінде олардың барлығы мұқият медициналық және психологиялық іріктеуден өтті.

"Мен әскерге өз қалауыммен келдім. Барлау бөліміне түскенімізге өте қуаныштымыз. Сарбаздар атыс, тактикалық жаттығулар мен кешенді дене даярлығын басталуын тағатсыздана күтуде. Командирлер мен нұсқаушылар бізді бәріне кезең-кезеңімен дайындап жатыр. Бұл жерде біз үшін барлық жағдайлар қарастырылған", дейді қатардағы жауынгер Айбар Омаров.

Жас сарбаздар Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда әскери ант қабылдайды.