Қоғам • 10 Ақпан, 2021

Елорданың жауын-шашын кәрізі жүйесі мәселесі қалай шешілмек

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов жауын-шашын кәрізі жүйесі мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорданың жауын-шашын кәрізі жүйесі мәселесі қалай шешілмек

«Жауын-шашын кәрізі жүйесіне қатысты сын көп. Қала жылдам өсіп келе жатыр. Тіпті әлемдегі, ең қарқынды дамушы қалалардың бірі десек те болады. Халық саны өсіп, жаңа жолдар, жаңа нысандар пайда болуда. Жаңа шағын аудандар да салынып жатыр. Инженерлік инфрақұрылым мәселесі күнтәртібінде тұр. Жауын-шашын кәрі жүйесіне байланысты Elorda eco systems кәсіпорнын құрдық. Ол дәл осы мәселемен айналысады. Қалада бірнеше проблемалы учаске бар. Олар: Бауыржан Момышұлы даңғылы, Ж.Тәшенов, Республика даңғылы жақтан А.Иманов көшелері, Тұран, Ұлы дала даңғылдары. Момышұлы бойынша жұмысты аяқтап, диаметрі үлкен құбыр төседік, қосымша сорғыш қойдық. Үлкен жұмс жасалды. Қазіргі уақытта ол жерде бұрынғыдай проблема жоқ», деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, Ташенов көшесі бұрын батпақты жер болған. Осы тұсқа тазарту қондырғысы орнатылды. Ол 42 мың текше метр жауын-шашын суын жинап, тазартып, одан кейін өзгенге ағызып отыратын болады.

«Elorda eco systems кәсіпорындары құдықтарды тазартумен де айналысады. Мәселен, Тәшенов көшесінің бойындағы бір ғана учаскеден 30 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Арықтар мен құдықтан 2,5 мың тонна қоқыс алынды», деді ол.

Сондай-ақ, елорда әкімі «Тельман» тұрғын алабындағы магистральді коллектор мен тазарту қондырғысы жұмыстарының аяқталғанын атап өтті. Оның қуаты тәулігіне 36 мың текше метрді құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру «Тельман» тұрғын алабы мен № 27 көше бойындағы және басқа да құрылысы қарқынды жүріп жатқан аумақты су басудан қорғауға мүмкіндік береді.