11 ақпанда сағат 14: 50-де Алматы қаласы Құтқару қызметі жедел кезекшісінің басқару пультіне көмекке шақыру түскен. Қоңырау шалушы жер қазу жұмыстары кезінде Алатау ауданында орналасқан Кенжехан базарының артындағы қоқыс аумағында ер адам астында қалып, оған көмек керек екенін айтты. Оқиға орнына жедел түрде 12 адамнан тұратын 109-шы құтқарушылар тобы және екі кинологиялық экипаж аттанды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізе бастады. Құтқару жұмыстары кезінде ер адамның денесі табылды, ол үйінділердің арасынан шығарылып, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Бұл туралы Алматы қаласы Құтқару қызметінің Баспасөз қызметі хабарлады.
"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды
Спорт • Бүгін, 00:53
Белгілі театр әртісі Маргарита Мухаметдиева өмірден өтті
Өнер • Бүгін, 00:12
Жайықтың суы төмендеп жатыр - жедел штаб
Төтенше жағдай • Кеше
Астаналық жігіт дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасады
Оқиға • Кеше