Өнер • 03 Шілде, 2021

Анкарада Ұлттық домбыра күні фестивалі өтті

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анкара қаласында ҚР Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күні фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Анкарада Ұлттық домбыра күні фестивалі өтті

Фестиваль шеңберінде Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің Ұлттық Кітапханасында Ұлттық Домбыра күні концерті өтті. Онда қазақ, түрік, татар, ноғай қазақтары, жапон халықтарының өкілдері қазақ күйін шертті. Қазақ және түрік өнер майталмандары қазақ халық әндерін орындады.

Концертке Елші Абзал Сапарбекұлы және Т.Р.Президенттік әкімшілігінің Ұлттық кітапханасының басшысы Айхан Туглу, Түркиядағы Қарғызстан, Албания, Иран және Мажарстан елдерінің елшілері, дипломаттары , депутаттар, түрік елінде білім алып жатқан студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.