Қазақстан • 30 Шілде, 2021

Қазақстан МҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Мирхайдар Раманқұлов көз жұмды

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік органдарының еңбек сіңірген ардагері Мирхайдар Раманқұлов көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан МҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Мирхайдар Раманқұлов көз жұмды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі орны толмас қазаға - Қазақстан МҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері, отставкадағы генерал-майор Раманқұлов Мирхайдар Раманқұлұлының қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Мирхайдар Раманқұлов 1942 жылы 25 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

Целиноград және Семей облыстары бойынша МҚКБ бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.  1985 жылы Көкшетау облысы бойынша УНКГБ бастығы болып тағайындалды. 1991 жылғы наурызда Қазақ КСР МҚК төрағасының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 1995 жылы генерал-майор шенімен отставкаға шығып, ҰҚК Шымкент бойынша департаментінің Ардагерлер ұйымын басқарған.