Президент • 13 Тамыз, 2021

Мемлекет басшысы өрт сөндірушілерді «Ерлігі үшін» медалімен марапттады

776 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп жазады Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өрт сөндірушілерді «Ерлігі үшін» медалімен марапттады

көрнекі сурет

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Олар биылғы шілде айының басында Қарағанды облысында тұтанған дала өртінің жақын маңдағы елді мекендерге таралуының алдын алды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бауыржан Біләловке, Ұлан Кеңеске, Владимир Малютинге, Аятолла Нәбиевке «Ерлігі үшін» медальдарын, сондай-ақ Қазыбек Әмірбековке, Болат Оразбековке, Мәди Рүстемге, Ержан Сұлтанбековке Құрмет грамоталарын табыстады.

«Біздің құтқарушылар дала өрттерін сөндіруге атсалысқан қатысушылармен бірге Байқоңыр, Алғабас, Түйемойнақ, Пионер, Ақтас, Құлымбек, Малшыбай елді мекендерін қорғап, оттың қарқынды таралуының алдын алды. Барлығы 40 500 гектардан астам дала өртін жойды. Министр марапатталушыларға ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, елді мекендерді ауқымды апаттан құтқарудағы көрсеткен батырлығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтты. Марапаттау рәсімінен кейін Қарағанды облысының өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері үшін ҚР Ұлттық музейінде және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсия өткізілді», деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.