Спорт • 21 Қыркүйек, 2021

Әскери боксшылар алда келеді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің астанасы – Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының Қазақстан құрама командасы сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери боксшылар алда келеді

Алғашқы екі күнде алты былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығып, солардың бесеуі өз қарсыластарынан басым түсті. Атап айтсақ, 64 кило салмақтағы Айтжан Әшірхан Мәскеу төрінде екі кездесу өткізіп үлгерді. Бастапқыда ол Моңғолияның мықтысы, Азия чемпионы Чинзориг Бааттарсухаға сан соқтырса, көп кешікпей Ресей біріншілігінің үш дүркін жүлдегері, Дүниежүзілік әскерилер ойындарында үшінші орынға табан тіреген Алексей Мазурды жеңді. Теміртас Жүсіпов (48 кило) кореялық Бумсе Пакты қапы қалдырса, Әділет Құрметов  (60 кило) те Оңтүстік Кореяның тағы бір өкілі Хинчо Кимды ұтты. Рүстем Шауменов (56 кило) тунистік Біләл Мхамадиді тізе бүктірсе, Тимур Нұрсейітов (75 кило) алжирлік Луис Риадтан айласын асырды.

Жерлестеріміздің арасынан тек Айжан Қожабекова (60 кило) жеңілістің кермек дәмін татты. Ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, бразилиялық  Беатрис Феррейраға есе жіберді.