Президент • 10 Қаңтар, 2022

Президент: Алматыда полиция депаратментіндегі ұрыс 2 түнге созылды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктерді жақсы дайындықтан өткен кәсібилердің шабуылына балағанын хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Алматыда полиция депаратментіндегі ұрыс 2 түнге созылды

«Алматы мен өзге қалаларда нағыз шайқас болды. Мәселен, Алматыда полиция департаментінің ғимараты маңындағы ұрыс 2 түнге созылған. Полицейлер террористердің шабуылына тойтарыс берді. Бір ғана Алматыда 7 қару дүкені басып алынған. Бұл – жақсы дайындықтан өткен кәсібилердің, оның ішінде арнайы винтовкалары бар снайперлердің әрекеті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс отырысында.

Президент террористердің жеке байланыс құралы болғанын, олардың әскерилер мен құқық қорғаушылардың формасын кигенін атап өтті.

«Олар арсыз түрде жаппай тәртіпсіздік қатысушыларының арасына жасырынып, тірі қалқан ретінде қолданды. Полицейлер мен әскери қызметшілерге саны бойынша бес есе көп бандиттер шабуыл жасады, оларды асқан қатігездікпен азаптады, екі полиция қызметкерінің басы кесілді. Ауруханаларға да варварлық шабуылдар болды. Мемлекет ресурсын түгесу үшін шабуыл ұйымдастырушылар үлкен майдан ашты. Агрессия бір уақытта 11 өңірді қамтыды», деді Мемлекет басшысы.