Аймақтар • 04 Ақпан, 2022

Алматыда тағы үш мың камера орнатылады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тағы үш мың камера пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы үш мың камера орнатылады

«2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 75 «Сергек» кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты», делінген Polisia.kz мәліметінде.

Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілген. 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ жабдықтар істен шыққан. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Полиция Бірыңғай бейнебақылау жүйесін дамытуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта үш мың бейнебақылау камерасын орнатылатыны айтылды.

«Егер бұрын тек жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі ПД ЖБО арқылы бақыланатын болса, 2020 жылдан бастап Орталық азаматтардың көп жиналатын жерлеріндегі, аулалардағы және полиция пункттеріне іргелес аумақтардағы қозғалыс мәртебесіне ене бастады.  Алдағы 2 жылда қаладағы барлық жағдайды көру үшін камераларды сауда орталықтарымен және басқа да жеке меншік нысандарымен біріктіруді жоспарлап отырмыз», деді Алматы қалалық ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ольга Агафонова.