Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

Мәулен Әшімбаев: Украинадағы ахуал бейбіт жолмен шешілуі тиіс

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Украинадағы ахуал бейбіт жолмен шешілуі тиіс

«Орын алған жағдай бейбіт жолмен, келіссөздер жүргізу арқылы шешілуі тиіс. Азаматтардың құқығына тікелей байланысты болғандықтан, бұл мәселе БҰҰ-ның күн тәртібінде тұр.

Ресей мен Украина бізге өте жақын елдер. Ресей - біздің ең ірі экономикалық серіктесіміз. Украина да біздің жақын серіктесіміздің бірі. Сондықтан бұл жағдай бейбіт жолмен шешіледі деп сенеміз. Келіссөздер барлық тартылған тараптардың мүдделерін ескеруі тиіс», деп айтты Сенат төрағасы.

Ол келіссөздер үстеліне отыруға және мәселені дипломатиялық жолмен шешуге әлі де кеш емес деп санайды.

«Біздің ұстанымымызды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жеткізді. Бүгін жағдайдың өзгеруіне байланысты СІМ мәлімдемесі болады деп ойлаймын. Келіссөздер барлық тартылған тараптардың мүдделерін ескеруі тиіс және БҰҰ шеңберіндегі келіссөздер тиімді болар еді», деп атап өтті Сенат төрағасы.

 Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті