Спорт • 28 Ақпан, 2022

Қазақ спортшысын атқан ресейлік ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембиевке оқ атқан ресейлік фитнес-клубтың күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ спортшысын атқан ресейлік ұсталды

Спортшы 16 ақпан күні автотұрақ маңындағы жанжал кезінде атылған оқтан жараланған болатын. Ол жаттығу залына абономент алу мақсатымен келгенін айтқан еді. Жанжал барысында фитнес-клуб қызметкеріне спортшының көлікті рұқсат етілмеген жерге қойғаны ұнамай, бірнеше мәрте оқ атқан. Салдарынан отандасымыз бірнеше жерден жарақат алған.

48 сағатқа қамауға алынған күзетші Максим Пахомовқа қатысты қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.