Экология • 01 Сәуір, 2022

Каспий маңында итбалық құтқарылды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 наурыз күні Ақтауда екі жасар итбалық табылып, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Каспий маңында итбалық құтқарылды

Оңалту орталығына жеткізілген жануар ветеринарлық емдеу курсынан өтті. Кешенді оңалтуды жүргізу қорытындысы бойынша итбалықты табиғи мекендеу ортасына қайтару туралы шешім қабылданды.

«Алғашқы тексеру кезінде итбалықтың ауыр жарақаттары жоқ екендігі анықталды. Алайда, жануар қатты әлсіреді, көздің қабыну ауруы да болды. Біздің орталықтың қызметкерлері Каспий эндемикасына кешенді тексеру жүргізіп, оңалту бағдарламасын анықтады, сондай-ақ одан әрі зертханалық зерттеулер үшін биологиялық сынамалар (жүн, қан, мұрынның, көздің шырышты қабығының материалдары және т.б.) алды», деп түсіндірді эколог, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы Ғылыми кеңесінің төрайымы Әсел Тасмағамбетова.