Қазақстан • 19 Сәуір, 2022

Қазақстанда азаптау мен қорлау істерін алқабилер сотына бермек

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту бойынша түзетулер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда азаптау мен қорлау істерін алқабилер сотына бермек

фото: Zakon.kz

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енгеннен кейін алқабилер сотталушы өтініш білдірсе, аса ауыр қылмыстар туралы барлық істі қарайды.

Бүгінде қазылар алқасы 14 құрамды қараса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 құрам қосылады. Түзетулерді қабылдау нәтижесінде алқабилер сотында 44 ауыр және аса ауыр қылмыстар қаралатын болады.

Мысалы, 2024 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен мынадай ауыр қылмыс түрлері қарастырылады деп жоспарланып отыр:

  • азаптау, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмағандарды азаптауды қолдана отырып қорлау;

  • мал ұрлау;

  • қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық;

  • заңсыз аңшылық;

  • көлікті мас күйінде жүргізу.

Статистикаға сәйкес, 2021 жылы 85 адам қатысқан 59 алқабилер соты болды. Оның 78-і сотталып, 7-уі ақталды.

Түзетулерді әзірлеушілердің пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістердің сот жүйесін демократияландыру, соттарға сенім деңгейін арттыру, азаматтық қоғамның сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыру сияқты оң салдары болады.

Құжат қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.