Аймақтар • 30 Сәуір, 2022

Атырауда «Сергек» камераларының көмегімен жүзге жуық қылмыс анықталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Сергек» камераларының көмегімен үш айда 97 қылмыс ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 

Атырауда «Сергек» камераларының көмегімен жүзге жуық қылмыс анықталды

Облыс әкімі баспасөз қызметі мәлімдегендей, Атырау қаласында «Сергек» бейнебақылау жүйесінің 2 748 камерасы орнатылған. «Биылғы жылдың екі айында «Сергек» бейнебақылау камерасы арқылы 21 578 ереже бұзу дерегі анықталды. Ал сәуір айының 13 күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 6 394 факті тіркелген. Оның ішінде жылдамдықты арттырғандар саны – 4 244. Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 97 қылмыс ізі суымай ашылды», дейді әкімдіктің баспасөз қызметі. Қазір облыста 3500-ден астам бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 750 бейнебақылау камерасы интеграцияланған.