Әлем • 03 Маусым, 2022

Мәскеудегі бизнес орталықтарының бірінде өрт шықты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде бизнес орталығында өрт сөндірілді. Ресей ТЖМ алдын ала ақпараты бойынша, өрттің ауданы 1000 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеудегі бизнес орталықтарының бірінде өрт шықты

«Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Ресей ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство ақпараты бойынша, өрт аумағы 1000 шаршы метрді құрайды.

Оқиға орнына 180 адам мен 41 техника тартылды.

Өрт орнына Ресей ТЖМ басшысы Александр Куренков барды.

«Алдын ала ақпарат бойынша, жанып жатқан ғимараттан 120-дан астам адам құтқарылды, адамдарды іздеу жалғасуда», деп қосты Ресей ТЖМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство өрт орнына Ка-32 тікұшақтары жіберілгенін хабарлады.