Елорда • 26 Тамыз, 2022

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс топтарының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы 2020 жылдың қараша айында шыққан. Саяси қуғын-сүргіндерді ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы ел тарихын зерделеудің, зұлмат оқиғалар хроникасын толық қалпына келтірудің және тоталитаризм жағдайында зардап шеккен қазақстандықтар туралы тарихи естелікті сақтаудың жаңа кезеңін бастады.

Отырыс барысында өңірлік комиссия қызметінің алдағы міндеттері және «Ақмола өңірі 1920-1940 жж.мұрағаттық құжаттарда» құжаттар жинағын сақтау және жариялау мәселесі талқыланды.

Кеңес қатысушылары өзара пікір алмасып, күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылап, алдағы жұмысты нақтылады. 

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы өңірлік комиссия ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен өз жұмысын жалғастыруда, 2022 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс органы болып бекітілген.