Әлем • 12 Қыркүйек, 2022

Нью-Йоркте теракт құрбандарын еске алу рәсімі өтті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнаралары орналасқан мемориалдық кешенде 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған лаңкестік оқиғада қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нью-Йоркте теракт құрбандарын еске алу рәсімі өтті

ТАСС агенттігінің мәліметінше, осыдан 21 жыл бұрын Манхэттеннің төменгі бөлігінде болған лаңкестік оқиғада құрбан болғандарды еске алу үшін жүздеген адам жиналған.

Полиция әйгілі егіз мұнаралар тұрған жерде құрылған Ground Zero мемориалдық кешеніне жақын орналасқан көшелерді алдын-ала қоршап алған. Аза тұту рәсіміне қаза болғандардың туыстары мен қайғылы оқиға болған күні сол жерде жұмыс істеген дәрігерлер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ рәсімге АҚШ вице-президенті Камала Харрис те қатысты. Ал американдық көшбасшы Джо Байден іс-шараға биыл қатыспады.

Еске сала кетсек, осыдан 21 жыл бұрын Вашингтоннан Лос-Анджелеске ұшқан төрт жолаушылар ұшағының біреуін террористер басып алған. Осылайша, American Airlines авиакомпаниясының Boeing 757 ұшағы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына соғылып, 2977 адам қайтыс болған.