Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2022

Астанада ШЫҰ Бас прокурорларының отырысы өтіп жатыр

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы жиын қатысушыларына құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ШЫҰ Бас прокурорларының отырысы өтіп жатыр

«Сіздерді Қазақстанда қарсы алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Прокуратура қызметі заңдылық пен құқық үстемдігін қамтамасыз етуде, әділетті қоғам құруда маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда Қазақстан ШЫҰ мемлекеттері қадағалау органдарының көпжылдық ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл ШЫҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі саналады. Оны шешу өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді», деп жазды Президент құттықтау хатында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару өзекті мәселе болып отыр.

«20-шы мерейтойлық отырыстың күн тәртібіне заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша тәжірибе алмасу мәселесі енгізілді. Бұл мәселе ШЫҰ-ны жаһандық экономикалық платформаға айналдыру перспективалары саласында ерекше өзекті болып отыр. ШЫҰ аясында өзара тиімді әріптестіктің зор әлеуетін толыққанды пайдалану көп жағдайда трансұлттық экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің тиімділігіне байланысты екені анық. Бүгін нәтижелі пікір алмасу өтіп, осы бағыттағы жаңа тәсілдер әзірленеді деп сенемін. Отырысқа қатысушыларға қойылған міндеттерді шешуде табыс тілеймін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.