Оқиға • 19 Қазан, 2022

Мәскеуден Үргенішке ұшқан ұшақ Самараға шұғыл қонды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу-Үргеніш бағыты бойынша Азимут әуе компаниясының AZO-7059 рейсін орындаған SSJ-100 ұшағы Самараға шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеуден Үргенішке ұшқан ұшақ Самараға шұғыл қонды

Кейін ұшақ бортында болған жолаушының денсаулығының нашарлағаны белгілі болды. Бұл туралы Uzbekistan Airports хабарлады. Кестеге сәйкес, ұшақ Үргеніш халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша 7:35-те қонуы керек еді. Мәжбүрлі қонуға байланысты рейс кейінге қалдырылған.