Қоғам • 01 Наурыз, 2023

Қазақстан халқының 92 пайызы қазақ тілін меңгерген

822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы Қазақстанда тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық  зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, халықтың 92%-ы мемлекеттік тілді меңгергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан халқының 92 пайызы қазақ тілін меңгерген

Оның ішінде:

  • 59,5%-ы – қазақ тілін жақсы меңгерген;
  • 20,5%-ы – қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады;
  • 5,4%-ы – түсінеді және түсіндіре алады;
  • 7,4%-ы жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан 51 356 адам өткен. Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әрқайсында 5 мыңнан астам адам оқыған. Маңғыстау облысында тілдер оқытылмады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан 51 356 адам өткен.