Президент • 17 Мамыр, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қытайға барған мемлекеттік сапары барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.