Президент • 24 Мамыр, 2023

Одақта негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек - Тоқаев

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Одақта негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек - Тоқаев

«Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді.

Яғни, «төрт еркіндік» және инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек», деді Президент.