Экология • 07 Маусым, 2023

Елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы пайдалануға жарамай қалған

4904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстанның бес өзенінде ғана сапалы су бар. Экология министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы шектен тыс ластанған. Қазіргі уақытта олардың суын пайдалану мүмкін емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы пайдалануға жарамай қалған

«Qazaqstan» ұлттық арнасы хабарлағандай, бұл туралы Экология министрлігі әзірлеген алдағы жылдарға арналған су шаруашылығы жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасында айтылған.

Аталмыш құжатта Қазақстанның 28 су объектісін қандай да бір жолмен пайдалануға болмайды делінген.

Министрлік өкілдері түсіндіргендей, өзен мен су қоймалары елдегі тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібтері және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықтың әсерінен ластанып жатыр.